ӨНІМ НЕГЕ ӨТПЕЙДІ?

Агрокешен Жаңалықтар Журналистік зерделеу Мәселе

Atr.kz / 14 шілде, 2020 жыл. Қызылқоға ауданы – облыстағы бірыңғай мал шаруашылығына маманданған, атакәсіптің тінін үзбей жалғастырып келе жатқан өңірлердің бірі. Қазіргі таңда өңірдегі осы саланы өркендетуге бет бұрған 330 шаруашылықта 32 мың мүйізді ірі қара, 160 мыңнан астам қой және 20 мыңға тарта жылқы бағылады.

Табиғатының қатаңдығына қарамастан, бұл өңір ежелден төрт түліктің басын көбейтіп, өнімін молайтуға қолайлы, мал баққан ағайынға құтты қоныс саналады. Алайда, бар тірлігі осы малмен байланысты ауыл шаруагерлерінің алдында шешімін күткен түйінді тұстар мен түйткілді проблемалар аз емес. Ең бастысы, өндірілген өнім өтпейді. Ал, өңделмеген, шикі күйіндегісіне сұраныс ж о қ . Б ү г і н г і к ү н н і ң тақырыбына айналып отырған өзекті мәселенің бірі – жылдан жылға мал өрісінің тарылып бара жатқаны.

«Құрман» шаруа қожалығы – өңірдегі ісі ілгері басқан, ша­руасы өрістеген шаруашылық құрылымдарының бірі. Қожалықтың бағымында 600-дің үстінде мүйізді ірі қара мен екі мыңдай қой бар. Жылқы мен түйе қосалқы шаруашылық есебінде қолға алынған. Былтыр арнайы әкелінген авердино-ангус тұқымды торпақтар қазір өсіп, төлдей бастапты. Суық жаққа бейімделген түлік жаңа орынды жатырқамаған көрінеді. Дегенмен, оларға өріс тапшы болып тұр. Тағы бір ерекшелігі, оларды көп сиырға қосып бағуға болмайды екен.

Қ о ж а л ы қ б а с ш ы с ы Құрманбек Аманғалиұлының айтуынша, мал басын мыңға да жеткізуге болады. Тек мұнда жер мәселесі тапшылық етуде. Қазір бары 3,5 мың гектар. Жыл санап малының басын да, өнімін де өсіріп отырған шаруашылық үшін мұның өзі жеткіліксіз екені түсінікті. Бұл осы өңірдегі көптеген шаруа қожалықтарына тән жағдай болып отырғаны жасырын емес.

Оның үстіне, мыңғырған төрт түліктің өнімін ұқсатып, кәдеге жарату да ауылдағы шаруа адамының қолын байлап, аяғына тұсау салуда. Ол аз десеңіз, мұнда малды бағатын малшы да, сауатын сауыншы да жетіспейді. Содан да сүт сауылмай, жүн қырқылмай, шаруаның есіл еңбегі желге ұшуда.

Осындай қиындықты бастан кешіп отырғандардың бірі – «Думан» шаруа қожалығының жетекшісі Марат Төлеуовтің сөзінше, малды бағып- сауатын адам шықпайды. Осы себептен қазірдің өзінде 60 бұзау енелеріне ілесіп, бірге жүрген көрінеді. Ал, жиналған жүнді құдықтарға салып көміп қоюдан басқа амалда­ры қалмапты. Басқалай оны тапсырып, өткізетін немесе қабылдап алатын орын жоқ. Былай да оны ешкім сатып алмайды.

О с ы ж а ғ д а й л а р д ы с а р а п т а ғ а н с а л а мамандарының пікірінше, өнімді өңдеу өнеркәсібі қатар дамымаған соң малшыда мал басын көбейте беруге құлшыныс жоқ. Оған, жайылымдық шабындық алқаптардың тапшылығын қосыңыз. Ендігі бар үміт – Ресей аумағынан қайтарып алынған «Тайсойған» полигонында. Білгеніміздей, бүгінде ауданның иелігіне өткен 624 мың гектар ж е р б і р т і н д е п ш а р у а қожалықтарының игілігіне беріле бастаған. Бұл сөзімізді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев та растады.

– Б ұ р ы н о т ы р ғ а н қыстақтарын заңдастыра алмаған 33 жеке тұлғаға шаруа қожалығын құрғызу арқылы жерлерін заңдастырып бердік. Оның сыртында, 44 шаруа қожалығына жаңадан жер бердік. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда, – деді сұхбаттасушымыз.

Тұтастай алғанда, Қызылқоға өңіріндегі шаруашылықтардың барлығы дерлі к «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы мемлекеттен жеңілдетілген несие алып жұмыс істеп келеді. Ол қарыздың қайтарымы бар. Егер өнім өтпесе, қаражат қайдан құралады? Қазіргі кәсіп жаздай баққан малын күзге дейін семіртіп, аяқтай сатумен ғана шектелуде. Сондықтан, өңдеу өнеркәсібін қолға алу кезек күттірмейтін іс. Ол үшін шаруашылықтарды біріктіріп, кешенді ет-сүт фермаларын құратын мезгіл жеткен сыңайлы.

Сайып келгенде, бұл бір ғана Қызылқоға емес, облыстың мал шаруашылығы өркен жайған өзге де өңірлері, жал­пы, агроөнеркәсіп кешені үшін кешеуілдетпей шешімін табуды қажетсінетін өзекті мәселе.

***

 МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Биылғы жаздың аптап ыстығы, құрғақшылық ауылдағы шаруа адамына, әсіресе, егіншілікті кәсіп еткен жандарға қолайсыз болып тұрғаны анық. Десек те, еңбекқорлығының арқасында бұл қиындықты да еңсеріп, егіннен нәпақасын тауып қана қоймай, елді асырап отырған шаруагерлер де бар. Солардың санатында Индер ауданындағы «Владимир» шаруа қожалығын атауға болар еді.

Қ о ж а л ы қ ж е т е к ш і с і Қалығыз Есқайырованың айтуынша, бұл шаруашылық т о ғ ы з ж ы л д а н б е р і егіншілікпен айналысып келеді. Жыл сайын көктемгі дала жұмыстарын елдің алдымен бастайтын диқандар қиындықтарға қарамастан, биыл да сол дағдысынан жаңылмады. Осылайша, бұған дейін қияр дақылынан алғашқы өнімдерін жинап, базарға өткізсе, санаулы күндерден соң бақшасы да піскелі тұр. Яғни, көп кешікпей, «Владимирдің» қауыны мен қарбызы тұтынушысын таппақшы.

– Р е с м и т ү р д е қожалықтың басшысы өзім болып есептелгеніммен, іс жүзінде барлық жұмысты ұйымдастырып, жүргізу міндеті – жолдасым Алек­сандр Когайдың мойнында. Х.Досмұхамедов атындағы А т ы р а у м е м л е к е т т і к университетінің соңғы курсында оқитын ұлымыз В л а д и м и р д е о қ у д а н қолы босаған сәттерінде қасымыздан табылып, қолұшын береді. Оның үстіне, биылғы жағдайға байланысты, оның жанымызда көбірек болуына тура келді. Әрине, бұл оның өзі үшін де, біз үшін де пайдалы екеніне көзіміз жетті. Өйткені, Володя болашақ мамандығын осы саламен байланыстыруды ойластырып отыр, – дейді Қалығыз Есқайырова.

Қашан да егіннің ерекше көңіл бөліп, балаша баптап- күтуді талап ететіні белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, диқан қауымының атқарар жұмысы аз емес. Егін салына­тын жерді жыртудан бастап, тұқым себу, көшеттердің түбін арам шөптерден та­зарту, қопсыту, суару, тыңайтқышпен қоректендіру – осының бәрі бірінен соң бірі жүзеге асырылатын және бірімен бірі байланысты ша­руалар. Мұның өзі санаулы адамға жеңіл тимесі кәміл. Сол себептен, жыл сайын науқанды жұмыстардың кезінде қосымша жұмыс күші тартылады.

– Әрине, дәл осы жерде «неге өзімізден емес?» деген сауалдың туындауы да әбден мүмкін. Оған айтар жауабымыз, жергілікті азаматтарды талай мәрте б і р г е жұмыс ж а с а у ғ а шақырдық, бірақ та олардың келгісі жоқ. Сондықтан, алыстан ат шалдыртып ала тақиялы ағайындарды алдыртамыз. Біз үшін бұл қыруар шығын. Амалдың жоқтығынан осындай қадамға барамыз, – дейді шаруагерлер сөз арасында.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Индер ауданы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған