Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылды

Басты жаңалық Ел жаңалықтары Жаңалықтар

Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл.  6 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап.

 «ІІМ жаңа ақпараттық жүйесінде анықталған ақаулықтарға байланысты 6 қаңтарда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. ХҚО-лардың қашан жұмысын бастайтындығы қосымша хабарланады», – делінген корпорацияның желідегі ресми парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін 4 қаңтар күні мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеген еді.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған