Мақатта медициналық оңалту орталығы ашылды

Аудан хабарлары Жаңалықтар

Мақат ауданында бес жыл бұрын пайдалануға берілген 250 орындық емхананың бір бөлігі ашылғалы бері бос тұрған болатын. Аудан əкімі Берікқали Сəрсенғалиевтің бастамасымен кеше аудандық аурухананың үшінші қабаты медициналық оңалту бөлімшесі болып ашылып, тұрғындар игілігіне берілді.

makat-3

Орталық күндізгі типте 2017 жылдың басынан бастап халыққа қызмет көрсете бастайды. ATPress.kz тілшісінің Мақат аудандық емханасының бас дәрігері Батырбек Оңдасыновтан білгеніндей, ғимарат қазіргі заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтармен және жетілдірілген жаңа аппараттармен қамтамасыз етілген. Оған облыстық бюджеттен 11 млн теңге қаражат бөлініп отыр.

makat-1

– Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалардың тірек қозғалысын қалыпқа келтіруге, олардың оңалуына түрлі жағдай жасалды. Инсульт алған ересектер мен мүгедектігі бар азаматтар да күндізгі типте емделе алады. Науқастардың қажеттілігіне байланысты массаж, логопед, дефектолог мамандар қызмет көрсетеді. Науқастардың үшінші қабатқа лифт арқылы көтерілуіне мүмкіндік жасалды. Дәрігерлеріміз де арнайы оқудан өтіп келіп отыр, – дейді Мақат аудандық емханасының бас дәрігері Батырбек Оңдасынов.

makat-4

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет «Мақат тынысы» газетінің Фейсбуктегі парақшасынан алынды

ATPress.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған