Мақат ауданындағы 40 нысанға пандус орнатылады

ФОТО ПАНДУС Жаңалықтар

Соңғы кездері мүмкіндігі шектеулі жандар тарапынан әлеуметтік нысандардың кіре-беріс пандустарының қолайсыздығына байланысты көптеген шағымдар айтылып жүр.

ФОТО - ПАНДУС

Осыған орай, бүгінде Мақат ауданында 40 нысанды бейімдеу жұмыстары қолға алынған. Оның қазір 10-ы бейімделген, қалғаны биылдан кешіктірілмейді. Расымен де, арбаға таңылған жандардың емін-еркін жүріп-тұруы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс.

Бұл орайда тек пандус қана емес, ғимараттың айналасы, есігі және басқа да жағы талапқа сай, қолайлы болуы керек. Мұның бәрі барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде іске асыруын көтермелеуге, қорғауға бағытталған – «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңында егжей-тегжейлі көрсетілген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото lestnitsygid.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз