Мұз айдынында тегін ойнады

АПТА: түйін Жаңалықтар

Жуырда аз қамтылған және көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер Мұз айдыны орталығында болды. Олар коньки теуіп, түрлі ойындар ойнады. Оны Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды.

%d0%bc%d1%83%d0%b7-%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0

Партия филиалының хатшысы Ерболат Дәулетқазиевтің айтуынша, аталған шара «Шапағат» әлеуметтік жобасы аясында жасалып отыр. «Бар бақытымыз да, қызығымыз да – балаларымыз. Қазақ байлығын қорасындағы малымен емес, бауырындағы баласымен өлшегені бекер емес. Бала көбейсе, бұл бір отбасының құт-берекесі ғана емес, күллі елдің байлығы, ұлт демографиясына дем берер жемісі. Жер бетіндегі барлық жеткіншек бақытты болуға лайық. Бүлдіршіндерге шама-шарқымызша көмегімізді көрсетіп, көңілдерін көтерсек деген ойымыз болды.

%d0%bc%d1%83%d0%b7-%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b02

Алға қойған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын» дейді ол.  Екі сағат бойы асыр салып ойнаған балалардың да, олардың ата-аналарының да қуанышында шек болмады.  Балақайлар енді айына екі рет мұз айдынында тегін ойнауға мүкіндік алды. Бұл игі іс – партияның облыстық филиалының хатшысы Ерболат Дәулетқазиев пен аталған мекеме басшысы Георгий Щербаковтың өзара келісімінің нәтижесі.

Рита Жайғалиқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған