Асхат Аймағамбетов отбасымен бірге сайлауда дауыс берді

a1c776f596774f32aebc278b05dfb775 Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бүгінгі сайлауда дауыс бергені туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол педагогтер мен білім саласының басқа да қызметкерлерін, студенттер мен еліміздің азаматтарын сайлауда дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Бүгін таңертең отбасымызбен бірге азаматтық борышымызды орындап, әділетті мемлекет үшін, Отанымыз Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердік. Педагогтер мен білім саласының басқа да қызметкерлерін, студенттерді және барлық отандасымды сайлау учаскелеріне барып, өз елі, өз қаласы және отбасы үшін таңдау жасауға шақырамын», – деп жазды министр.

Оқу-ағарту министрі еліміздің болашағы үшін әр адамның дауысы ерекше маңызды екенін еске салды.

«Баршамыз әлемдегі күрделі геосаяси және экономикалық жағдайдың куәгеріміз және бүгін қабылдайтын шешіміміз күнделікті өмірімізге, ортақ болашағымызға, әл-ауқатымызға ғана емес, сонымен бірге мемлекетіміздің одан әрі нығаюына және әлемдік аренадағы ұстанымдарымызға да әсер етеді. Әр адамның дауысы маңызды!», – деді Асхат Аймағамбетов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз