Колледж ғимараты жаңарды

DSC03845 Білім

Доссор кентіндегі Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

DSC03845

Күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың қыркүйек айында басталып, желтоқсан айының соңында аяқталған болатын. Жалпы, колледж ірге тасы 1940 жылы қаланған. 77 жылдық тарихы бар колледждің кейбір бөліктеріне болмаса, бұған дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ал, бүгінде сәулетті де еңселі кейіпке енген колледждің сыртқы көрінісі де, ішкі безендірілуі де адам танымастай өзгерді. Шатыры мен едені, қабырғасы мен есіктері де толықтай жаңарды. 65 миллион теңге бөлінген жөндеу жұмыстарын «Эра» медігерлік компаниясы жүргізді. Жалпы, колледж әкімшілігі жөндеу жұмыстарының жоғары деңгейде жасалғандығын айтып отыр. Бұл колледжде білім алатын 300-ге жуық студент те колледж ғимаратының жаңарғандарына қуанышты.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз