photo 314336 768x432 1

COVID-19: Атырауда тағы 49 науқас тіркелді

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар
5 / 100

Атырау облысында өткен тәулікте 49  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 32 жұмысшыдан, Жылыой ауданында -4, Құрманғазы ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 20-ында ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 41 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 228  адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  86
 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 13,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 342 адам ем қабылдауда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған