Геологта биыл балабақша ашылады

АПТА: түйін Жаңалықтар

Үстіміздегі жылы Геолог ауылындағы демалыс саябағының құрылыс жұмыстары басталып,  қалыпқа келтіріледі. Ал, Құрылысшылар, Мирас ауылындағы З.Көшалиев, С.Қарымбаев көшелеріне жарық жүргізілмекші, алдымен,  жобалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткізілгеннен кейін қаражат көздері қарастырылады. Бұл туралы Геолог ауылдық округінің әкімі Нұржан Жұмаханов баяндады. Және өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде де  айтып өтті. Айта кетелік, есеп беру жиынына Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов пен оның орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.

В-Геологе-–-школа-в-Жумыскере-дороги-в-Еркинкале-свет-840x420

Геолог ауылдық округіндегі 100 адамдық аурухана іске қосылды. Ең басты мәселе – жол. Қазіргі таңда бұл шаруамен айналысудамыз дейді шаһар басшысы Серік Жамбылұлы. Мирас ықшамауданындағы бірнеше жылдан бері құрылыс жұмыстары тұралап қалған 165 орындық балабақша жыл аяғына дейін тұрғындар игілігіне берілетін болды. Бірлік ауылындағы 200 орындық балабақша бір ай турасында тапсырылады.

Бүгінде үш ауысымдық оқу мәселесі шешімін тапты дегенмен, 600 орындық Б.Нысанбаев атындағы мектепте 1500 оқушы білім алуда. Осыған орай, Бірлік-2 елді мекенінен 624 орындық мектеп пен 160 балаға арналған балабақша құрылысы жоспарлануда.

Ауыл тұрғыны, мұнай саласының ардагері Құбайдолла Мұсағалиев Мұнайшы ықшамауданындағы №10,11,12,13 көшелерде жол жоқтығын көтерді. Бұған дейін қаланың басшылығында болған әкімдер уәде беріп, құжаттары жасақталған екен. Ал, Геолог ауылындағы №39 үйдің тұрғыны көршісі – әке-шешесі жоқ жетім баланың үйіндегі жылу батареяларын спирттік ішімдікке сатып жіберіп, газ баллонмен жылынып отырғанын айтады. Көгілдір отын өшіп қалар болса, өзгелердің өміріне қауіп жоқ емес.

Тұрғындардың  дені Құрылысшылар көшесінен Сәтбаев атындағы мектепке дейін жол салуды, енді бірі Қарабатан мен 496-бекетті көшіруді сұрады. «Бізге жол салудың қажеті жоқ. Біз ол жерде тұншығып отырмыз, мектеп деген атымен жоқ,телефонмен сөйлесудің өзі мұң. Сол себепті, көшіруді сұраймыз» дейді олар.

Жиында көтерілген тағы бір мәселе қоғамдық көліктің жайы болды. «Геологтықтар» №59 маршрутты ішкі көшелермен жүргізуді өтінді. Сонымен қатар, жарықтандыру, жаяу жүргінші жолдарын салу, жол-қозғалыс белгілерінің жоқтығы секілді бірқатар проблемалық мәселелердің түйінін тарқатты.  «Қалада суға кету қаупі бар 13 аумақ анықталды. Оның ішінде Мирас ықшамауданы да бар. Бұл бағытта жұмыстанудамыз. Әр мектептің айналасындағы көшелермен қосатын жолдың болуын қадағалауды тапсырған болатынмын. Бұны да өз бақылауыма аламын. Қоғамдық көлікті реттейтін арнайы мекеме бар. Дегенмен, тасымалдау қызметін көрсететін кәсіпкерлермен ақылдасып, бұл шаруаны да реттейтін боламыз» деді Атырау қаласының әкімі.

Рита Өтеуғали

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған