Ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотта фронт-офис ашылды

Басты жаңалық Жаңалықтар Қоғам Құқық

Жақында облыстық  соттың  ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотында  фронт-офис ашылды.

сот-фронт-офис-1

Облыстық сот төрағасы Марғұлан Бектұрғановтың айтуынша, фронт-офис жұмысы халықтың сот жүйесіне сенімін, оның қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталады. Жалпы, ақпараттық орталық азаматтардың мәжбүрлі түрде сотқа жүгіну уақытын азайту, сондай-ақ,  сот қызметтерін арыз беру, шешім қабылдау туралы актілерді беруге дейін бір орында көрсету үшін құрылды.

Фронт-офисте ақпараттық дүңгіршек орналасқан. Онда сот маманы азаматтарды бекітілген медиаторларға, адвокаттарға және басқа да мамандарға жіберіп, нақ осы арада жекелеген кабинеттерде оларға құқықтық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, келушілердің сұранысына қолайлы жағдай жасалып, өзін-өзі қамтамасыз ету бұрышы жабдықталып отыр.

Майра  ОРАЗҒАЛИЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған