ЕРЕН ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

 

Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін Қызылорда облысының «Абзал и К» толық серіктестігінің директоры А.Ж.Ералиевке, «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ю.В.Пя мен Ақмола облысының «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры И.А.Сауэрге берілді.

«Отан» орденімен«Халықаралық бизнес университеті» ЖШС президенті К.Ә.Сағадиев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы В.С.Школьник, «ҚазақстанРеспубликасыныңТұңғышПрезидентіЕлбасыНұрсұлтанНазарбаев» орденіменАтырауоблысыныңәкіміБ.С.Ізмұхамбетовмарапатталды. Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет, білім қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбегі «Парасат» орденімен атап өтілді, олардың арасында суретші Қ.С.Абаев, жазушылар Т.Әбдіков, Б.Бодаубаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары Ж.М.Әбділдин, Қ.Салғараұлы, «Жан Анам» қайырымдылық қорының директоры М.Ілиясова, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры М.З.Искандиров, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы С.І.Қожабаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің кафедра меңгерушісі М.Қ.Қойгелдиев, «АқЖайық.kz» журналыныңбасредакторыР.Отарбаев, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ төрағасының орынбасары А.Ю.Тараков, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың директоры Т.Д.Теменов, Алматы облысы «ДРСУ-8» ЖШС директоры А.Г.Угрюмов, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Ю.А.Цхай бар.

ІІ дәрежелі «Достық» орденіне «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының мүшесі А.З.Алиев, Қазақ ұлттық өнер университетінің кафедра меңгерушісі Қ.Ә.Байбосынов, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актрисасы А.Темірова, Қазақстандағы «Филия» грек қоғамдары қауымдастығының төрағасы П.И.Феодориди, Ресей Федерациясы «Ақжол» қазақ ұлттық мәдени орталығының президенті Т.Қ.Дүсенбаев және басқалар ие болды.

«Құрмет» орденінің иегерлері Ақмола облысы «Зеленый Бор» шипажайы» ЖШС бас директоры Д.М.Аманжолов, ақын О.Асқар, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының № 27 орта мектебінің мұғалімі Ш.Б.Бейсенбекова, Солтүстік Қазақстан облысы «Кирилловка-Айыртау» ЖШС механизаторы Ж.С.Ғабдуллин, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК бас ғылыми қызметкері Ә.Қ.Машкеев, «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» АҚ ректоры С.А.Святов, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі М.М.Токарев, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК аға шебері С.Б.Туров, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Е.С.Құсайынов, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Р.Шөкеев және т.б. атанды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым, мәдениет, өндіріс пен әлеуметтік саланың 76 көрнекті өкіліне берілді, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына 265 адам ие болды.

«Егемен Қазақстан» 

14 желтоқсан, 2013 жыл.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз