Елордадан Атырауға ерекше балалардың анасы арнайы рейспен оралды

000 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/2 мамыр, 2020 жыл. «Олар елордада 18 наурыздан бері оңалту курсынан өтіп жатқан болатын» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

​30 сәуір күні елордадан Атырауға​ 14 жолаушысы бар ұшақ келіп қонды. Бортта жеті ана мен жеті ерекше бала болды. Олар республикалық балаларды оңалту орталығынан ем алып келді. Алайда, емдеу курсы аяқталғанымен, олар​ карантин режимінің енгізілуіне байланысты ​ Атырауға орала алмаған болатын.​

​«18 наурыздан бері балаларымызбен бірге астана қаласындағы оңалту орталығынан квота арқылы ем қабылдай бастаған едік. Туындаған қиындықтарға байланысты мен өзімнің және ерекше балалардың аналарының атынан Атырау облысында​ төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабқа көмек сұрап​ хат жаздым.

Келесі күні бізге штаб хабарласып, ТШО компаниясының қолдауымен «Аir astana» әуе компаниясының ұшағымен Атырауға оралуымызға мүмкіндік туды» дейді ерекше баланың анасы Салтанат Қонысова.

​Атап өтерлігі, Атырауға оралғандардың барлығынан коронавирус инфекциясына ПЦР тест сынамасы алынды. Тест нәтижесі инфекцияның жоқ екендігін көрсетті. Қазіргі уақытта балалар мен аналар аман-есен үйлеріне оралды.​

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз