Құлсарыдағы Атырау ықшам ауданының барлық көшелеріне жыл соңына дейін асфальт жол салынады

346064206 207663162032433 2396371443470516070 n Жаңалықтар

«Атырау» ықшам ауданына жол салу жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталған болатын. Алайда, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаға түзету жұмыстарын енгізу қажет болды. Жаңартылған жобамен жол салу жұмыстары биыл мамыр айында басталып отыр, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған ықшам ауданның 24 көшесіне 22,1 шақырым жол және тротуар салынатын болады. Бұл жұмыстарды «АтырауИнжСтрой-АИС» мекемесі жасауда. Жоба құны 7,2 мрлд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

-Қазіргі таңда 22 көшенің жері толықтай тегістеліп, құм қиыршық тас, қиыршық тас жабындылары және бір көшеге асфальт жабындының бірінші қабаты төселді,- деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ержан Хайноллаев.

Айта кетейік, «Атырау» ықшам ауданында 400-ге жуық тұрғын үй болса, тұрғындар саны мыңнан астам.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз