Елбасының баспасөз хатшысы елді дүрліктірген «Елбасы мәлімдемесіне» қатысты түсінік берді

13037258 Жаңалықтар

Аtr.kz/4 мамыр, 2020 жыл. Айдос Үкібай фейк видео таратқандар жауапкершілікке тартылатынын айтып, мұндай хабарламалардан сақ болуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде тарап жатқан «Елбасы мәлімдемесі» туралы хабарламаның шындыққа жанаспайтынын айтты.

Бұл туралы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.

«Елбасы мәлімдемесі» деп тарап жатқан видеоның фейк екенін жеткізгім келеді. Қаскүнемдер жауапкершілікке тартылады. Мұндай хабарламалардан сақ болып, ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруді сұраймын», – деді ол.

Айта кетсек, Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылуына байланысты әлеуметтік желілерде түрлі хабарламалар тарай бастаған еді. Видеода қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің отставкасы туралы мәлімдейді. Бірақ роликтің монтаждалғаны көрініп тұр, кейбір жерінде сөйлеген сөзі мен ернінің қимылдағаны сәйкес келмейді.

Еске сала кетсек, 2 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Кейін мемлекет басшысы Назарбаеваға парламент сенатының төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз