Дәріханалар сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейтін болды

5110a54356df16e3eb4b7c017107bd17 Жаңалықтар

Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Атырауда коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб тұрғындар ұсынысын ескерусіз қалдырмайды.

Облыс әкім Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, өңірлік жедел штабқа 3 тәулік ішінде көптеген ұсыныс пен сұрақ түскен.

«Штабқа түскен сауалдарға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысы негізінде жауаптар берілді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар негізінде қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде дәріханалардың жұмыс кестесі алғашқы күндері кешкі сағат 18.00-ге дейін болса, қазір сағат 22.00-ге дейін ұзартылды. Ал, букмекерлік кеңселер мен кальян барлардың жұмысына тыйым салынды. Тұрғын үйлер маңында орналасқан шағын азық-түлік дүкендеріне жұмыс жасауға рұқсат етілді» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейтінін жазған едік.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз