IMG 20190126 WA0006

Атырауда өрт сөндірушілер ерекше челлендж жариялады

Айбын Жаңалықтар Қоғам

Әр адамның онжылдық өмірінің үлкен мәні бар. Ал, өрт сөндіруші-құтқарушы үшін 10 жыл – ең алдымен, мансаптық өсу және құтқарылған адамдардың өмірі.

IMG 20190126 WA0006
Суретте
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің №1 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Тілекбай Латиев

Бүгін Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің №1 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Тілекбай Латиев туралы айтқымыз келеді. Ол он жыл ішінде басшылық лауазымдарға дейін өсумен қатар, отбасын құрып,  үш баланың әкесі атанды.

Сонымен, Тілекбай Сәлімұлы азаматтық қорғау органдарында 2005 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарады. Қызмет көрсету кезеңінде ол өзін адал, басшы қызметкер ретінде көрсетті. Жас қызметкерлер үшін тәжірибелі тәлімгер болып табылады.

 Ол Атырау қаласы аумағында орын алған өрттерді жоюда және авариялық-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Жұмыс бабында есте қалған оқиғаның бірі – өткен жылы «Ақ Жайық» қонақүй кешенінің ғимаратындағы өрт.  

            Оқиға орнына келген Тілекбай Латиев өрт сөндіру жетекшісінің тапсырмасымен белгіленген жауынгерлік учаскенің басшысы болып тағайындалды. Өрт орнында үздіксіз сумен жабдықтауға бақылауды жүзеге асырып, өртті сөндіруге  қатысты. Нәтижесінде ғимараттың бір бөлігі өрттен сақталып, басқа қабаттарына тілсіз жаудың таралуына жол бермейді.

Тілекбай Сәлімұлы таңдаған мамандығы қауіпті және қиын болса да ешқашанда өзінің таңдауына өкінбегенін айтады.

Жанар ҚАРЖАУБАЕВА,

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған