Атыраулық спортшылар: «Індетті бірге жеңеміз»

whatsapp image 2020 08 05 at 14.54.26 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/5 тамыз, 2020 жыл. Бір айға жуық уақыт тынысы тарылған науқастарға оттегі баллондарын тасып, көмек көрсеткен Атырау облысының спортшылары өз жұмыстарын аяқтады.

Еріктілерден құралған жергілікті спортшылар облыстық ауруханаға шілде айының басынан бастап көмекке келген. Кейін аудандық ауруханалардағы ақ халатты абзал жандарға қол ұшын беріп, «лас аймақта» да жұмыстар атқарған. Облыстық олимпиада ревервін даярлау орталығының әдіскері Нұрлыбек Даралиевтің айтуынша, мұндағы мақсат – дәрігерлер жұмысын жеңілдетіп, науқастарға қолдау көрсету.

-Атырау облысының спортшылары – халықпен бірге. Індетті осындай бірлігіміздің нәтижесінде жеңеміз деп есептейміз. Қазіргі уақытта науқастар саны азайып, емделушілердің көбі оттегі баллондарынан шыққандықтан, біз өз жұмысымызды тәмамдадық. Бұл да бір жақсылықтың нышаны деп білеміз, – деді Нұрлыбек Даралиев.

Өз кезегінде, облыстық аурухананың басшылығы спортшылардың атқарған жұмыстарына алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, бір апта бұрын аурухана жұмысына көмек көрсеткен спортшылардың барлығы коронавирусқа тест тапсырды. Нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетті.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз