Атыраулық дәрігерлер тәттіден уланған 10 жасар баланы аман алып қалды

Жаңалықтар

Atr.kz/23 желтоқсан, 2019 жыл.  2009 жылғы бүлдіршін 19 желтоқсан күні облыстық балалар ауруханасына ес-түссіз, ауыр хәлде жеткізілген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше дәрігерлер науқасты тексеру барысында «құрамында кофеин бар тәттіден»  уланғанын анықтап, жедел түрде жансақтау бөліміне жеткізгенің хабарлады. Кейін қарқынды терапия палатасында баланың асқазаны тазаланып, 1 сағат ішінде науқас есін жинады.
Баланың айтуынша, ол мектептен шыққан соң дүкеннен 7-8 дана  «Flash up» энергетикалық кәмпитін сатып алып барлығын бірден жеп, өзін жайсыз сезінгені ғана есінде екенің айтты.
–    Есін жиып, өз-өзіне келгеннен кейін бала педиатрия бөліміне ауыстырылды. Ауыр хәлде жеткізілген уақытта ата-анасы уайымнан біздің сұрақтарымызға жауап бере алмаған болатын. Бірақ, қуанышымызға орай, баланың неден уланғанын дер кезінде анықтап тиісті шараларды жасадық, қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарғасын үйіне жіберілді, – дейді дәрігерлер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған