Атыраулық кәсіпкерлер сайлауға қолдау білдірді (+ФОТО)

«БИЗНЕСМЕН» Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Экономика

Аtr.kz/23 сәуір, 2019 жыл. Атырау кәсіпкерлері елімізде өткелі отырған кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімді толығымен  қолдайды. Бұл туралы олар Атырау облысы кәсіпкерлер палатасында  өңіріміздегі бизнес қауымдастық өкілдерімен өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді. 

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Абдолла Ідрісов алдағы өтетін сайлауды – күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе деп қабылдайтынын айтты.

«Қазақстан – өзінің демократиялық үрдістерімен бүкіл әлемге танылған мемлекет. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біздің еліміз Конституция талаптарына сай жүріп келе жатыр. Сондықтан, Президент сайлауы өте қажет. Кәсіп иелері жұмысының алға басуы үшін ең қажетті құндылық – тұрақтылық деп біледі. Ал, Қазақстанның бүгінгі тұрақтылығы – кезектен тыс өткелі отырған Президент сайлауына тікелей байланысты. Және «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде партия өкілдерінің Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуын толығымен қолдаймыз. Себебі, біз Қасым-Жомарт Кемелұлын Елбасымыздың ұстанған сарабдал саясатын одан әрі жалғар бірден-бір лайықты тұлға деп білеміз», – деді.

Басқосуда Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры  Нұрлы Әйтиева, «Etalon Termoplast» ЖШС директоры Асқар Саппаев пікірлерін білдірді.

Мұратбек  ЖАҢАБАЙ

Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған