Атырауда скейт парк ашылды

img 20191005 wa0058 Жаңалықтар

Atr.kz/5 қазан, 2019 жыл.  Атыраудың 379 жылдығына орай «Ретро саябақ» маңынан көлемі 1600 шаршы метр «Скейт парк» ашылды деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау қаласының қала күні мерекесімен тұспа тұс келген нысанның ашылуында қала әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы:
– Елбасы өзінің Рухани Жаңғыру мақаласындағы Туған жерге тағзым бағдарламасында кәсіпкерлерді, өңір азаматтарын өзінің өскен өлкесінің жанашыры болуға, оны дамытуға атсалысуға шақырған болатын.

Бүгін міне Ерлан Табылдиев бастаған «ГазСтройМонтаж» серіктестігі қала күнінде тұрғындарға, жастарға сый жасады.

Жаңа Скейт парк өңірде бұқаралық спортты дамытуға сүбелі үлес қосады деген сенімдемін» деп атап өтті.

Жаңа нысанның жалпы көлемі: 1600 шаршы метр,
төрт бөліктен тұрады: сырғанау, кроссфитпен шұғылдану, стрибол алаңы және қоғамдық тамақтану орыны. Парк аумағында сонымен қатар сырғанауға арналған құралдар сатылатын болады.

img 20191005 wa0060
img 20191005 wa0061
img 20191005 wa0059
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз