Атырауда карантинге қарамастан жұмыс жасап тұрған букмекерлік кеңсеге полицейлер кіріп келді

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/13 мамыр, 2020 жыл. Атырау облыстық полиция департаменті бұл операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаментімен бірлесе жүргізді.

Букмекерлік кеңсе Атырау қаласының қақ ортасында карантин режиміне көнбестен қызмет көрсетіп отырған.

“Нәтижесінде, карантин режимін бұзған кеңсенің қос қызметкері мен жеті келуші ұсталды. Бәрі де ҚР-ның Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік жазаға тартылды” делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған