Атырауда ерекше балалар үшін жаңа жыл шыршасы өтті

Жаңалықтар

  Atr.kz/23 желтоқсан, 2019 жыл.  Атырауда ерекше балалар жаңажылдық шыршаның қонағы болды.

Салтанат сарайында өткен бұл кешті «Алтын уақыт» және «Самға жүрегім» қоғамдық қорлары ұйымдастырды.

Ерекше бүлдіршіндерді қоғамға тарту, оларға және ата-аналарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған кешке барлығы 200 бала қатысты. Барлық қатысушылар ертегі кейіпкерлерімен танысып, Аяз атаның жаңажылдық ақ тілегін тыңдады. Сахналық қойылымдарды тамашалап, тәтті сыйлықтарға да ие болды. Өздері де дайындап келген өнерлерін көрсетіп, жасыл шыршаны айнала ән шырқады.

            Мерекелік шараны ұйымдастыруға «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы» АҚ, «Дәуіт», «Джаниязов» жеке кәсіпкерлігі, «Каспий Бизнес Консалтинг» серіктестіктері демеушілік көрсетті. Сонымен қатар, шараның өтуіне А.Жантұрғанова, М.Байрамов, Н.Гулиев сынды азаматтар да қолдау танытты.

            Бұдан басқа, «Санад» ансамблі, «Top dance kz» тобы, «Карамелька» мерекелік агенствосы, Атырау волонтерлар корпусы, «Салтанат сарайы» ұжымы, «Алтын Жұматинаның өнер мектебі», «Virtuoso»  өнер мектебі, «Всплеск» шығармашылық студиясы да шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған