Атырауда емханалар жоспарлы емдеуді бастады

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/5 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысында емханалар жоспарлы емдеуді бастады.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жоспарлы емдеуді бастаған емхананың қатарында №1 Атырау қалалық емханасы да бар. Емхананың бас дәрігері Әсия Нарымбаеваның айтуынша, жоспарлы емдеуге жататын қан қысымы, гипертония, қант диабеті, астма сынды ауруларға шалдыққан науқастар алдын ала учаскелік дәрігерге көрінеді. Кейін дәрігердің нұсқауымен анализ тапсырады.

«Сырқатының күрделілігіне қарай науқас күндізгі стационарда емделе алады. Оларға тегін дәрі-дәрмек беріледі.​ Сондай-ақ, ауруханаларға жатып емделу де қарастырылған. Бұл үшін науқасты учаскелік дәрігер порталға енгізіп қояды. Порталды күту кезеңі бір апта көлемінде болуы мүмкін. Бұл ауруханадағы науқастар санына байланысты белгілі болады», – дейді Әсия Нарымбаева.

Оның айтуынша, жоспарлы ем қабылдайтын науқас міндетті түрде коронавирус инфекциясына анализ тапсырады. Анализ қорытындысының жарамдылық мерзімі 5 күнге ғана созылады. №1 Атырау қалалық емханасының күндізгі стационар бөлімшесінде 12 орын бар. Сондай-ақ, 20 орындық провизорлық стационар ашылған. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ауруханалар тамызда жоспарлы емдеуді бастайтынын хабарлап едік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған