Атырауда автоцистерна жарылды (+ВИДЕО, ФОТО)

img 20200605 wa0026 БЕЙНЕЖАЗБА

Аtr.kz/5 маусым, 2020 жыл. Бүгін Атырау қаласындағы Атамбаев көшесінде орналасқан «ПромГаз» ЖШС-нің газ құю станциясында оқыс оқиға орын алды. Облыстық төтенше жағдай департаментінің  мәлімдеуінше, газ құю станциясының аумағында жарылыс болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 08.20-да аталған мекеменің аумағында 50 текше метрлік «Форд» автоцистернасы жарылып, өрт шықты. Анықталғанындай, газ-ауа қоспасын құю барысында газ шығып, артынша жарылыс пен өртке ұласқан. Соның салдарынан 60-70 метрдей қашықтықта тұрған қасындағы ғимарат та қирады. Өртті сөндіруге 25 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды» деп хабарлады департамент қызметкерлері.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, төрт адам зардап шеккен.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

img 20200605 wa0012
img 20200605 113732 348
img 20200605 wa0016
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз