Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев митингілер өткізетін орындардың орталықта болуын тапсырды

8e9797bb471889917e6945baf4c414a4 slider Жаңалықтар

Atr.kz/4 қыркүйек, 2019 жылБұл туралы аймақ басшысы бүгін Атырау қаласындағы Құрманғазы мәдениет үйінде өткен актив жиында айтты.

«Конституцияға сәйкес азаматтарымыз өздерінің ерік-қалауын білдіру құқығына ие. Сондықтан, мемлекет Басшысы митинг туралы заңнаманы жетілдіру және митингілер өткізуге белгіленген арнайы орындарды кері қарастыруды тапсырды.

Осыған орай, бірінші орынбасарым С.Шапкеновке, қала және аудан әкімдеріне белгіленген орындардың қаланың, елді мекеннің сыртында емес, олардың орталығында болуын қарастыруды тапсырамын» деді ол. Сондай ақ, аймақ басшысы заңнамаға сай, құқықты бұзуға және бұзақылық әрекеттерге бағытталған акцияларға жол берілмейтінін атап өтті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз