Жарнама
Жаңалықтар

«Атырау жастары» бағдарламасы бойынша 30-дан астам адамның төлем қабілеттілігі расталды

Облыста алғаш рет 1-20 ақпан аралығында «Атырау жастары» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау жұмыстары жүргізілді. Бағдарламаның мақсаты – өңір жастарына жылжымайтын мүлік сатып алуға жәрдемдесу. Ал бүгінде құжаттары мақұлданған жастардың ішінен 30-дан астам адамның ғана төлем қабілеті расталған. Бұл туралы «Отбасы банк» өкілі Нұрболат Батыр мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Атырау жастары» жобасына 35 жасқа дейінгі 860-тан астам тұрғын өтініш білдіріп, олардың 830-ның құжаты  мақұлданған. Ал өтініш беріп, құжат тапсырғандардың арасынан Атырау қаласы бойынша 55 жас, аудандар бойынша 45 жас баспанаға ие болады деп жоспарланған. 

-Осы жылдың 1-20 ақпан аралығында Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі құжаттарды қабылдап, ұпай сандарын есептеп, ұпайы көп азаматтарды банкке жолдады. Біз жастардың төлем қабілеттілігін анықтап, нәсиелендіру арқылы жастардың өздеріне ұнаған пәтерді 5% несие арқылы 19 жылға рәсімдейміз. Ал бүгінде 30-дан астам жастың төлем қабілеттілігі анықталып, 4 адам баспаналы болды. Қалғаны қазір пәтер іздеу үстінде. Талаптарға сай келетін пәтерді таңдағаннан кейін несиелендіру жұмысы жүреді, – деді Н.Батыр.

«Атырау жастары» бағдарламасымен биыл 100 адам тұрғын үймен қамтылады деп жоспарланған. Ол үшін облыс әкімдігі 1 млрд теңге, ал «Отбасы банкі» 600 млн теңге қаржы бөліп отыр. Құжаттары мақұлданған жастардың табысы 235 мың теңгеден аспайтын және облыс аумағында бір жыл тұрақты тіркеуде болуы керек. Сондай-ақ бағдарламаға қатысуға өтініш білдірген тұлғаның атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button