Атырау кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінде – жаңа төраға

img 20200903 wa0081 Жаңалықтар

Atr.kz/3 қыркүйек, 2020 жыл. Атырау кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің жаңа төрағасы болып «БАТЫСАЛЬЯНССТРОЙ» ЖШС бас директоры Әділ Жұбанов сайланды.

Айта кетейік, өңірлік кеңестің жаңа құрамы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында жарияланды, кеңеске 20 кандидат мүше болды.

Іріктеу компаниясы шілде айында басталды. 7-22 шілде аралығында кандидаттарды тіркеу және құжаттар қабылдау науқаны өтті, 25 шілдеден бастап, 3 тамызға дейін үгіт-насихат кампаниясы ұйымдастырылды. Негізгі кезең – дауыс беру 5-20 тамыз аралығында өтті.

Бизнес субъектілердің тең қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өңірлік кеңестер құрамының 60 пайызы облыс орталығындағы бизнес өкілдерінен, ал 40 пайызы – аудандар, моноқалалар мен шағын қалалардағы кәсіпкрелерден құралды. Атырау облысы бойынша өңірлік кеңес мүшелігіне квота 20 адамды құрады.

  •  «Бастапқы кезеңде Атырау облысы ӨКП Өңірлік кеңес мүшелігіне 40 белсенді кәсіпкер сайлауға қатысты. Алдыңғы құрамнан сайлауға 7 адам кандидаттығын ұсынды. Ауыл, орман, балық шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, басқа да қызметтерді көрсету, көтерме және бөлшек сауда салаларынан қатысушылар басым болды. Облыста белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Әлия Бекқожиеваның мезгілсіз  қайтыс болуына байланысты оның кандидатурасы дауыс беруден алынды.
  • Дауыс беру vote.atameken.kz сайты базасында, сондай-ақ SMS-дауыс беру арқылы іске асырылды. Осы ретте дауыс беруге сәйкес өңірдің бизнес субъектілері ұйымның БСН-ЖСН нөмірін растау арқылы қатысуға құқылы болды» деп хабарлады Өңірлік іріктеу комиссиясының төрайымы Нұрлы Әйтиева.

 Іріктеу кампаниясының қорытындысы бойынша Өңірлік кеңестің жаңа құрамы:

rprararara

Жаңа құрамға сәйкес  Өңірлік кеңестің келесі құрылымы анықталды: 

  • Ауыл шаруашылығы – 3 адам;
  • Өнеркәсіп – 3 адам;
  • Сауда – 4 адам;
  • Құрылыс – 2 адам;
  • Орналастыру әжне тамақтандыру бойынша қызмет көрсету – 2 адам;
  • Әлеуметтік қызмет көрсету – 2 адам;  
  • Көлік және қаттау – 1 адам;
  • Басқа да қызметтерді көрсету  3 адам.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов өз сөзінде дауыс беруге белсенді қатысқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, олардың облыс бойынша саны 5000-нан асты.

Сонымен қатар, өңірлік палаиа басшысы Өңірлік кеңестің бірінші құрамына атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіріп, жаңа құрам мүшелері өңірлік кәсіпкерліктің мәселелерін шешуде белсенді атсалысатынына сенім білдірді.

Дауыс беруге 130 мыңнан астам кәсіпкер қатысты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз