Атыраудағы Халықаралық турнирде жас балуандар сынға түсті (ФОТО)

EAC2893 Жаңалықтар

Биыл Кеңес Одағының спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, атыраулық ардагер Сулико Козонов 80 жасқа толып отыр. Осынау мерейтойға арнап, «Атырау» спорт кешенінде 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен халықаралық турнир өтті.

_EAC2893

Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен және Ресейдің Дағыстан, Қалмақ республикалары мен Орынбор облысынан, Өзбекстаннан 16 команда, барлығы 300-дің үстінде спортшы қатысты. Олар 12 салмақ дәрежесінде белдесті. Нәтижесінде, жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олардың арасында арнайы аталымдарға ие болған атыраулық палуандар да бар.

_EAC2956

«Бір кездері осында Тбилисиден қызмет бағытымен келген Сулико Козонов өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Атырауда еркін күресті дамытуды қолға алып, отыздан аса Кеңес Одағының спорт шеберлерін дайындап шығарды. №1 спорт мектебінде жиырма жылдай жаттықтырушы болып еңбек етті», – дейді «Атырау» спорт кешенінің директоры Жалғас Өтебалиев.

_EAC2633

_EAC2745

_EAC2762

_EAC3049

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз