Атырауда тағы да қоныс тойы

ЕАС 624 Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында Атырау қаласының Нұрсая мөлтекауданынан салынған тағы бір бес қабатты, 45 пәтерлік  үй пайдалануға берілді. «Халықтың барлық санаттары үшін» бағытымен бой көтерген бұл үйге баспана алушылардың кезегінде тұрып, төлем қабілеттілігі анықталған банк салымшылары мен бюджеттік мекеме қызметкерлері қоныстандырылды.

%d0%b5%d0%b0%d1%81-624

Кеше  сәрсенбінің сәтінде жаңа баспана өз иелеріне салтанатты жағдайда табысталды. Рәсімге қатынасқан Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев тұрғындарды қуаныштарымен және алда келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтады.

%d0%b5%d0%b0%d1%81-638

– Өздеріңізге мәлім, осының алдында ғана, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай қаламызда осындай 425 пәтер жаңа қоныстанушыларын тапқан еді. Енді міне, бүгін де сіздер сондай бір ерекше қуанышты да ұмытылмас сәттің куәсі болып тұрсыздар. Мұның бәрі ең алдымен Елбасының сындарлы да сарабдал саясатының, қарапайым халыққа деген қамқорлығы мен қолдауының арқасы. Соның нәтижесінде осындай игілікке кенеліп, қазақстандықтардың, соның ішінде атыраулықтардың баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігін иеленіп отырмыз. Осы мақсатта қабылданған «Қолжетімді баспана –2020»,  «Өңірлерді дамыту»  және  «Халықтың барлық санаттары үшін»  мемлекеттік бағдарламалары аясында межеленген міндеттердің мерзімінде жүзеге асырылып, аймақта тұрғын үй мәселесінің шешілуіне атсалысып отырған  «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік  қоғамы  Атырау филиалының ұжымына, құрылысты жүргізген мердігер мекемелердің өкілдеріне, сондай-ақ, осыған қолдау көрсеткен облыс басшылығына сіздердің аттарыңыздан ризашылығымды білдіремін, – деді өз сөзінде Жұмабай Ғаббасұлы.

%d0%b5%d0%b0%d1%81-661

Келесі сөз кезегін еншілеген «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ АФ директоры Нұрбол Құрмановтың айтуынша, осыған дейін «Халықтың барлық санаттары» бағдарламасымен банк мекемесі арқылы Атырау қаласында 17 көп қабатты үй пайдалануға беріліп, иелерін тапқан. Алдағы жылдары да осы жүйемен 23 көп қабатты үй немесе 1300 пәтер баспана кезегінде тұрған банк салымшыларына тарту етілмек.

%d0%b5%d0%b0%d1%81-725

Тұрғындардың атынан Ақжарқын Есқалиева (Балықшыдағы М.Қойшыбаев атындағы балалар музыка мектебінің қызметкері), Динара Елеубаева (Атырау облыстық ауруханасының дәрігері) және Қаламқас Байсұлтанова (банк салымшысы) сөз алып, жылы лебіздерімен ортақтасты.

Дәулетқали АРУЕВ.

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз