«Атырау-Ақпарат» кубогінің іріктеу кезеңінде Мақат спорт мектебі жеңімпаз атанды (ФОТО)

IMG 4760 1 Жаңалықтар

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің Кубогі үшін өткізілген шағын футболдан облыстық турнирдің Мақат ауданында өткен іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

IMG_4760

Турнирге аудандағы мекеме ұжымдарынан алты команда қатысып, тартысты ойында бақ сынады. Спортсүйер көрерменді еліткен сиқырлы додада кіші аяқдопшылар көз ілеспес жылдамдықпен ерекшеленді.

4H3qL4LSsJE

Жарыс нәтижесінде белсенділік танытқан Жақсылық Амандосов «Үздік ойыншы», Ғалымжан Нарынбаев «Үздік қақпашы», Ислам Айтжанов «Үздік шабулшы», Ленар Нұрмақов «Үздік қорғаушы» номинацияларына лайықталса, командалық есеп бойынша аудан әкімшілігінің құрама командасы үшінші жүлдені қанжығасына байлады.

NRe7wDa0u5U

Турнирде аудандық білім беру бөлімінен қатысқан команда ептілік танып, екінші орынды еншілесе, Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы бірінші орынды иеленіп, облыстық турнирге жолдама алды.

mh7abwPY4HM

Жарыс қорытындысында ұйымдастырушылар тарапынан ризашылығын білдірген «Мақат тынысы» газетінің бас редакторы Гүлзада Саликова қатысушы команда ойыншылары мен жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған алғыс хаттар мен дипломдарды салтанатты түрде табыс етті.

3MfMxNoyG2Y

Лена НҰРБАЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз