Астанада алма бағын өсіреміз (+ВИДЕО)

20190123123248 БЕЙНЕЖАЗБА

Бүгінгі жастар жарқын жобалардың нақты жүзеге асуына тікелей үлес қоса алатындай зор мүмкіндікке ие.

https://www.youtube.com/watch?v=rS8VyLl6wVI&feature=youtu.be

Менің жасым 27-де. Бес жылдан бері «Сарайшық» шаруа қожалығын басқарып келемін. Фермамда мыңнан аса ешкі бар. Қазіргі таңда 15-тен астам сүт өнімдерін шығарып отырмыз.

Өз басым ірімшік жасағанды жақсы көремін. Жеке өзімнің рецептіммен «Атырау ірімшігін» шығарып отырмын. Бұл ірімшік экологиялық тазалығымен ерекшеленеді. Мұның өзі туған жеріме деген құрметімнің бір белгісі деп ойлаймын.

Ұжымда сексенге жуық адам жұмыс істейді. Және ұжым мүшелері негізінен жастардан тұрады. Бұл – ұжымда  жаңа идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігі жоғары деген сөз.

Біздің жерімізді үлкен мүмкіндіктер алаңы десек те болады. Осынша алып еңбек айдынында жастарымыз өз болашағының іргетасын қалай алады.

Жастар жылына орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қанаты жаңа жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.  Енді біз алма бағын Астана жерінде өсіруге бастама көтеріп отырмыз. Өз қожалығымыздың базасында алманың төрт түрлі сортын дайындап қойдық. Және де жеміс бағын күтіп-баптауды қамтамасыз етуді өз жауапкершілігімізге аламыз. Жаңа жоба тамшылатып суару әдісі арқылы жүзеге асады.

Тамила РОЗМЕТОВА,  

«Сарайшық» шаруа қожалығының жетекшісі,

Махамбет ауданы.

20190123123248

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз