«Қашаған – ғажап оқиға!»

АПТА: түйін Жаңалықтар Экономика

Апта ішіндегі басты жаңалық «ғасыр жобасы» атанған Қашаған тұсауының ресми түрде кесілуі болды. Қазақстан ғана емес, күллі әлем көз тігіп отырған кен орнының ашылуына қатысу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға арнайы келді.

0

Ресми шара барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қашаған» жобасының іске қосылуы – дүниежүзілік энергетиканың соңғы 50 жылдағы ең елеулі оқиғасы екендігін атап өтті.

Айта кеткен жөн, осыдан үш жыл бұрын Қашаған кен орнынан мұнай өндіріле басталды. Бірақ, арада ай өтпей жатып, процесс уақытша тоқтатылды. Сала мамандары мұның себебін құбырларда ақаудың орын алуымен түсіндірген еді.

Қазіргі таңда алып кен орнынан тәулігіне 75 мың баррельден мұнай өндіріліп жатыр. Айтпақшы, күні кеше таққа отырған АҚШ Президенті Дональд Трамп Қашағанның игерілуін «ғажап оқиғаға» балады.

Баян Жанұзақова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған