Абайдың әрбір шығармасы – қазақтың келешегін ойлағаннан туындаған дүниелер

risunok 53 Жаңалықтар

Atr.kz/9 қаңтар, 2020 жыл. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Төлеген ЖАҢАБАЙ осындай пікір білдірді.

«1970 жылдың бас кезінде Венгрияның Будапешт қаласына барған кезімізде бізді кітапханада қарсы алған адам «бұл азаматтар Абай елінен келіп тұр» деп Абайдың венгр тіліне аударылған кітаптарын көрсетіп бізге зор мақтаныш сыйлағаны әлі есімде.  Бұл жайт Абай арқылы қазақ елінің әлемге танылуын аңғартады. Осы мәселе Абайды сүю, ол арқылы қазақ халқын терең тануға үндейді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласының да орны бөлек» дейді ол.

Спикердің айтуынша, Абайдың әрбір сөзі бізге ғибрат.  Абайдың әрбір сөзі арқылы оны әрбір адамға, бүкіл әлемге  үлгі етіп ұсынуымыз керек. Ұлы ойшыл «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» дегені  барша қазақты бірлікке, татулыққа, достыққа шақырды. Абайдың қай сөзін, қай өлеңін, қара сөздерін алсақ та, оның әрбірі –  терең пайым, мол мұра.

«Президенттің Абайдың 175 жылдығана орай жарияланған бағдарламалық мақаласында қазақтың әрбір үйінің төрінде домбырамен қатар, Абайдың кітабы және «Абай жолы» романы тұруы керек дегені өте дұрыс. Бұл бүгінгі жас ұрпақтың Абай арқылы өзімізді кеңінен танып-білуіне зор септігін тигізеді.

Абай өз заманында ұлтымыздың басында қандай кемшіліктері барын да ашық айтты. Оның әрбір шығармасы қазақтың келешегін ойлағаннан туындап, жазылған дүние деп есептеймін» дейді Т.Жаңабайұлы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/mektep-ba%d2%93darlamasyna-abajtanu-p%d3%99ni-engizilse/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз