ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ – СЕРГЕКТІКТІҢ КЕПІЛІ

Басты жаңалық

Айта кету керек, еліміздің бас шаһарындағы таңғы жаттығуларға қатысушылар алдында ҚР Спорт істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожақапанов кіріспе сөз сөйлеп, барша отандастарын Елбасының және Үкімет басшысының, сондай-ақ өз атынан елімізде алғаш рет қолға алынып, қолдау тауып отырған шараға қатысуларымен құттықтады. Сергектік кепілі саналатын спортпен шұғылдануға, соның ішінде таңғы жаттығу жасауды дағдыға айналдыруға шақырды. Әріптесінің лебізін еркін күрестен 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасының чемпионы, есімі елімізге танымал спорт саңлағы, ұлттық спортымыздың мақтанышы Жақсылық Үшкемпіров одан әрі жалғап, жақсы сөздерін арнады.

Онлайн режиміндегі, көңіліңнің де, ойыңның да сергек жүруіне кепілдік беретін таңғы жаттығуларға салалық министрліктер басшылары мен қызметкерлері, облыстық және әкімдіктердің басшы құрамы, департаменттер мен басқармалардың, ірі кәсіпорын-мекемелердің жетекшілері қатыстырылды.

Дәулетқали АРУЕВ.
Суретті түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған