Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Ветеринария адамзатты емдейді

Шілде айының ішінде атап өтілетін Ветеринария қызметкерлерінің күніне орай Исатай ауданының әкімі Нұрым Мусин бір топ мал маманы мен сала ардагерлерін қабылдады.

Аудан басшысы оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Зейнетінен бейнеті көп салада абыройлы еңбек етіп, қарапайым да қалтқысыз қызметімен көрінген аға буын өкілдері мен қатарда жүрген ветеринария қызметкерлеріне өз атынан жазылған Алғыс хаттары мен сый-сияпаттарын ұсынды.

– Дана халқымызда «Медицина адам баласын емдесе, ветеринария адамзатты емдейді» деген қанатты сөз бар. Сол айтылғандай, осы жолда сіздердің атқарған, қазірде атқарып жүрген жұмыстарыңыздың бағасы жоғары, бағамы биік, — деді Нұрым Бекежанұлы.

Осындай құрметке ие болғандардың қатарында ұзақ жылдар бойы осы салада табан аудармастан табысты еңбек етіп, көпшіліктің ризашылығына бөленіп келе жатқан Динара Мырзабекқызы, Исламғали Жұбанұлы, Алдаберген Тілепбергенұлы, Нұрлыбек Шәріпұлы, Артур Құмарұлы және басқаларының есімдері аталды.

Шара соңында аудан басшысы Тұщықұдық, Исатай ауылдық округтерінің мал дәрігерлері мен аудандық ветеринариялық стансасына жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін салтанатты жағдайда табыстады.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button