Жарнама
Ауыл шаруашылығы

«Ауыл аманаты» қалай орындалуда?

Атырау облысында былтыр «Ауыл аманаты» жобасымен 192 жобаға бөлінген 1,5 млрд. теңге толықтай игерілген. Айта кету керек, қаралған қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету үшін алдымен аймақтағы әрбір ауылдық округте скрининг жүргізілді.

Бір жылда – 192 жоба

             Нәтижесінде, 68 ауылдық округ бойынша жинақталған мәліметтер Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданып, мақұлданған.  Құрманғазы ауданында – 36, Индерде – 35, Махамбетте – 30, Мақатта – 8, Исатайда 13 жоба ұсынылып, мақұлданған. Соның ішінде Атырау қаласы бойынша қолдау тапқан 18 жобаға  150,9 млн. теңге қаржы  бағытталған.

             Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметінен хабарланғанындай, биыл да аймақтағы 61 ауылдық округтен «Ауыл аманаты» аясында қаржыландыруға жататын 83 жоба анықталыпты. Оған жалпы сомасы 760 млн. теңгеден астам қаржы бағыттау көзделген. Бұл соманың жобаны толықтай іске асыруға  жеткіліксіздігі ескеріліп, 900 млн. теңгеге қосымша бюджеттік өтінім берілген.

Несие мерзімі екі түрлі

            Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аграрлық саланы кешенді   дамыту, ауыл кәсіпкерлеріне көмек көрсетуді көздейтін  бұл бағдарламаға негізінен өндірістік кооперативтер мен жеке қосалқы шаруашылықтар қатыса алады. Соның ішінде кооперативтерге – 27, ал жеке қосалқы шаруашылықтарға 8 млн. теңгеге дейін несие беріледі. Сарапшы-мамандардың түсіндіруінше, жобаларды қаржыландырудың өзі төрт бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы тауарларды өндіру және өңдеу, мал басын көбейту, молайту және өнім алу, жылыжай салуға және қызмет көрсету,  сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау. Жеңілдікпен несие беру  мерзімі егіншілікте –  5, мал шаруашылығымен шұғылданатындарға 7 жылды құрайды. Номиналды жылдық сыйақы мөлшері 2,5%-дан аспайды.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button