Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Атырауда агроөндірісті қалай жаңғыртамыз?

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағыт. Сондықтан Жолдауда көтерілген мәселелер біз үшін айрықша маңызды.

img 2320 1

Соңғы жылдары Президент тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мыңдаған гектар жер мемлекет меншігіне өтті. Ендігі негізгі міндет – осы жерлерді кері айналымға енгізіп, әділ бөлу. Жер нақты еңбек етіп жүрген шаруалардың қолына тимейінше, ауыл шаруашылығының тиімділігі арта қоймайды. Сондықтан бұл жұмысты ашық жүргізіп, қоғам мен «Ауыл» партиясының ұсыныстарын ескеріліп отырса.
Екінші, өнімділік пен қайта өңдеуді арттыру. Атырау облысы үшін басты бағыт – мал шаруашылығы, балық шаруашылығы және бау-бақша өнімдері. Бүгінде біз осы өнімдерді көбіне шикізат күйінде өткіземіз. Бұл жағдайдан арылу үшін ет пен сүтті терең өңдеу, балықты қайта өңдеу зауыттарын дамыту, сондай-ақ бау-бақша өнімдерін сақтайтын қоймалар мен консервілеу цехтарын көбейту қажет. Сонымен қатар жылыжай шаруашылығын дамыту – өңір үшін аса өзекті. Жылыжай кешендері көкөніс пен бақша өнімдерін жыл он екі ай үздіксіз өндіруге мүмкіндік береді. Бұл ішкі нарықты қамтып қана қоймай, сыртқы нарыққа өнім шығаруға жол ашады.

6ab96657 870f 4796 9219 1ac321373878

Үшінші, технологиялық жаңғырту. Облыстағы шаруашылықтардың көбі ескі техникаға тәуелді. Президент атап өткендей, дәлме-дәл егіншілік элементтері, агро-дрондар, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы еңбек өнімділігін көтеруге болады. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингпен беру, фермерлерге жаңа технологияларды үйрететін арнайы орталықтар ашу ұсынылады.
Төртінші, ғылым мен зерттеуді дамыту. Президент ауыл шаруашылығы ғылымын күшейтіп, оны өндіріске тікелей енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл бағытта жергілікті ғылыми мекемелер мен шаруашылықтардың байланысын арттыру қажет. Әсіресе мал тұқымын асылдандыру, сүт пен ет өнімділігін арттыру, балық қорын молайту және жергілікті климатқа бейім бақша дақылдарын өсіру бойынша ғылыми жобаларды қолдау аса маңызды.
Бесінші, қаржылай қолдау. Шаруалар үшін ең өзекті мәселенің бірі – қаржыға қол жеткізу. Жеңілдетілген несие беру, сақтандыру жүйесін дамыту – олардың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

94566396 9d00 49d6 838a 2bbe19cd18ba 2

Президент Жолдауында айтылған міндеттер – біздің облыс үшін нақты бағдар. Жерді кері айналымға енгізіп, әділ бөлу, ет, сүт, балық, бау-бақша өнімдерін және жылыжай шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу саласын күшейту, жаңа технологиялар мен ғылымды өндіріске енгізу, шаруаларды қаржылай қолдау – ауыл шаруашылығының болашағын айқындайтын негізгі бағыттар.
Атырау облысы осы тапсырмаларды орындауға толық дайын. Ортақ мақсатымыз – ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеріп, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Нұртас БАЙЖАНОВ,

“Ауыл” партиясының Атырау облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button