Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Аграрлық сала алға басуы тиіс

«Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор екені белгілі. Енді соны тиімді пайдаланатын кез келді. Біз алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет».

​Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. 

Әрине, аграрлық саланы дамытуға бағытталған ауқымды жобалар бұған дейін де жоспарланып, жүйелі жүзеге асырылып келе жатқаны анық. Осыған назар аударған мемлекет басшысының мәлімдеуінше, соңғы алты жылда еліміздің агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 2,5 триллион теңге бөлінді. Бұл ауыл шаруашылығына тиесілі жалпы өнім көлемінің 1,8 есеге немесе 8,3 триллион теңгеге дейін өсуіне ықпалын тигізгді. Есепті мерзімде жұмыспен қамтылған бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі екі есеге өсіп, 4,2 миллион теңгеге жетті. Ал, азық-түлік өндірісінің көлемі 2,1 есеге ұлғайды.

​«Алайда, мұның өзі де біз үшін шекті меже емес. Егер қолдағы бар мүмкіндіктер мен резервтерді толықтай жұмылдырып, тиімді пайдалана білген жағдайда, еліміздің әуелгі мүмкіндіктеріне қарасақ,әлдеқашан әлемдегі алпауыт аграрлық мемлекеттің бірі болуға тиісті едік. Бірақ ауыл шаруашылығына жеткілікті қаржы салынған жоқ. Бұл саланы жемқорлар мен алаяқтар иемденіп келді. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер де болды. Жалған мәліметтердің кесірінен мемлекет қағаз жүзіндегі мал санына жылдар бойы субсидия төледі. Қазір қордаланған мәселенің бәрін шешіп, агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру үшін көп жұмыс жасауға тура келіп тұр» деп түйіндеді аталған салаға қатысты сөзін мемлекет басшысы.

​Бұл пікірді бәріміз де қостап, қалыптасқан ахуалды оңалтуға, сөйтіп агрокешендегі жағдайды түзетуге өзіндік үлесімізді қосуға тиіспіз, деп ойлаймын. 

Зұлпұхар СҮЙНЕШОВ,

ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Атырау облысының Құрметті азаматы

Сурет: kazinform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button