Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Атыраудағы ветеринариялық станцияларға 42 қызметтік автокөлік берілді

Махамбет атындағы акамедиялық қазақ драма театрында 19 қараша — Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, аймақтағы ветеринариялық пунктердің мамандарына облыстық бюджет есебінен сатып алынған 42 жаңа автокөліктің кілтін табыс етті.

img 2302

— Ауылшаруашылық саласын дамыту үшін Атырау өңірінің климаты мықты жігерді, шыдамды, қайтпас қайсарлықты талап етеді. Соған қарамастан соңғы жылдары өңірдің бұл салада едәуір жетістікке жетіп, ілгері қадам бар екенін байқаймыз. Қауіпсіз өнім алуымыз үшін ветеринария саласы қызметінің маңызы зор. Ел арасында «медицина адамды, ветеринария адамзатты емдейді» деген тәмсіл бар. Осыған қарап-ақ, бұл үйлестіруші саланың маңыздылығын көруге болады. Сондықтан осы саланың мамандарына да жан-жақиы жағдай жасалып жатыр. Осы орайда, қазір сіздерге табысталатын қызметтік автокөліктер жұмысыңызға жаңаша серпін беріп, еңбектің нәтижесін арттырады деген сеніммен табыс еткелі тұрмыз,- деді Ж.Бисембиев.

Автокөліктер аймақтың әр аумағына берілді. Атап айтсақ, Атырау қаласы ветеринариялық стансасына 4, Индер ауданына 5, Исатайға 4, Қызылқоғаға 6, Құрманғазыға 12, Мақатқа 2, Махамбетке 5, Жылыой ауданына 4 темір тұлпар табыс етілді.

Сенімді көлік — сапалы қызмет көрсету тұрғысында ветеринар мамандарының ажырамас бөлігі. Профилактикалық және диагностикалық шараларды жүргізу үшін темір тұлпар қажет. Жұмыс барысында кей қыстау мен жайлауларда, алыс және иен далада жүруді керек етеді. Жаңа көліктер жұмысты тез әрі тиімді орындауға көмектесері анық.

Кәсіби мереке аясында Жасұлан Бисембиев аауыл шаруашылы саласын дамытуға еңбегі сіңген ардагер Жолдығали Қайноловқа ҚР «Еңбек ардагері» медалін, халал стандартына сай «Атырау Ет Орталығының» құрылтайшысы Азамат Хайруллинге, «Жарсуат» ӨК-нің механизаторы Максим Утеновке, «Құрманғазы» ӨК-нің басқарма төрағасының орынбасары Алтын Абуеваға, «Қараша» шаруа қожалығының басшысы Мансия Әбілқайыроваға «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін тақты.

img 2300

Сонымен қатар сала қызметкерлері мен ардагерлеріне ҚР Ауыл шаруашылығы министірінің «Құрмет Грамотасымен», Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Елеулі еңбегі үшін» медалімен, Атырау облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Атырау қаласы әкімінің «Алғыс хатымен», Атырау қалалық Мәслихатының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Мерекелік іс-шара аясында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жұртшылық алдына 9 шаруа қожалығы мен  жеке кәсіпкерлер ұн, ет, балық, шұжық, құс және көкөніс өнімдерін ұсынды.

Айта кету керек, осы жылдан бастап ветеринар мамандардың жалақысы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында 50 пайызға өсті. Бұрын бұл сала қызметкерлерінің ең төменгі еңбекақысы 100-120 мың теңге болса, қазіргі күнде лауазымына қарай 200 мың теңгеден бастап, 400 теңгеге дейін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button