Жарнама
Ауған соғысы: 35 жыл

Атырауда шахматтан және дойбыдан қалалық турнир өтті

Кеңіс әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай шахмат және дойбы спорт түрлерінен ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир ұйымдастырылды, — деп хабарлайды  atr.kz тілшісі.

Облыс көлемінде аталған спорт түрлерін дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Ауған соғысы ардагерлерін еске алу мақсатында ұйымдастырылған турнирдің ашылу салтанатында Атырау облыстық ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Әлішер Кулов алғашқы сөз сөйледі.

aug2

«Елімізде 15 ақпан интернационалист жауынгерлерді еске алу күні болып белгіленген. Биыл аталған оқиғаға – 35 жыл. Жерлестеріміз қиын кезеңде Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарған. Қазіргі кезде облысымызда 435 Ауған соғысының ардагері тұрады, оның 40-қа жуығы — мүгедектер. Біз ардагерлерімізді әр кез мақтан етеміз. Олардың есімдерін ұлықтауда, жастарға өнегелі жолын дәріптеуде осындай іс-шаралардың орны ерекше. Сайыста 14 жастан бастап 70 жасқа дейінгі аралықтағы 54 қатысушы бақ сынауда. Әсіресе жастарымыздың ынтасы жақсы, жоғары нәтижелер көрсетіп, белсенділік танытуда. Алдағы уақытта осы екі спорт түрін дамыту үшін жарыстарды кең көлемде өткізу жоспарда бар. Сондай-ақ осы 35 жылдық қарсаңында 3-4 ақпанда облыс бойынша кіші аяқ доптан турнир өтеді. Онда Ауған ардагерлерінің командасы және қала бойынша 45 жастан жоғары футбол ардагерлерінің командасы қатысады», деп атап өтті Ә.Кулов.

aug 5

Турнирдің қорытындысы бойынша шахматтан жүлделі I орынды Ғабит Бисенғалиев иеленсе, II орын Райымбек Ниязғалиевке және III орын Ерсұлтан Қамбарға бұйырды.

Ал, қыздар арасындағы шахматтан жүлделі I орынды Асемай Әнуарбекова иеленсе, II орын Тілекші Бисембайға, III орын Айгүл Өтениязоваға берілді.  

aug 9
aug 7

Дойбыдан ерлер арасында жүлделі I орынды Бекарыс Жұмалиев иеленсе, жүлделі II орынға Ерназ Шұбақов және III орынға Аманқос Абдешов ие болды.

Ал, қыздар арасында жүлделі I орынды Жанел Әдиет, II орынды Данагүл Жұмалиева, III орынды Зейнеп Темірбай иеленді.  

Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button