
ФОТОГАЛЕРЕЯЭкономика
“Атырау мұнай және газ» көрмесіне жүзден аса кәсіпкер қатысуда (+ФОТОРЕПОРТАЖ)
“Атырау мұнай және газ» Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі аясында жергілікті тауар өндірушілер көрмесі өтіп жатыр.
Екі күнге созылған көрмеге 130-ға жуық атыраулық өнім өндіруші қатысуда. Мұнда жеңіл, азық-түлік, химия өнеркәсіптерімен қатар ұлттық өнермен айналысып жатқан кәсіпкерлер де өз тауарларын ұсынуда.
“Қазірдің өзінде жұртшылық көрмеге қатысып жатқан бизнес иелеріне тапсырыс беріп жатыр. Әсіресе, киім-кешек, ұлттық бұйымдарға қызығушылық танытқандар көп” дейді облыстық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының директоры Рафхат Бозбалиев.
Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ























