Жарнама
ФОТОГАЛЕРЕЯЭкономика

«Атырау-Астрахан» тасжолын облыс әкімі өзі барып тексерді (+ФОТО)

Серік Шәпкенов «Атырау-Астрахан» тасжолы құрылысының баяу жүріп жатқанына алаңдаушылық білдірді.

«Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов республикалық маңызға ие «Атырау-Астрахан» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Ол облыс орталығынан Ресей Федерациясына дейінгі жол құрылысын көлікпен жүріп өтіп тексерді» дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жол құрылысының 4 учаскесін аралап, жауапты мердігер компания өкілдерімен кездескен аймақ басшысы жұмыстың баяу жүріп жатқанын айтып, құрылыс қарқынын арттыру үшін қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.

Серік ШӘПКЕНОВ, Атырау облысының әкімі:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұрғындар үшін аса қажетті көлік жолының мәселесіне ерекше назар аударып нақты тапсырма берді. Мен жерлестеріме осы құрылыс жұмыстарының барысын бақылауыма алатынымды уәде бердім. Кесте бойынша атқарылып жатқан жұмыстарда кідіріс барын апта сайын маған берген мамандардың есебінен көріп, сапар барысында осыған көзім жетті. Мұндай жұмыс қарқынымен кестеде белгіленген межеден кешігесіздер. Ұйымдастыру жұмыстарын қолға алып, тиісті шараларды қабылдаңыздар.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облысы филиалының директоры Болатбек Айтбаевтың айтуынша, 217 шақырым жолдың 54 шақырымына негізгі төсем салынса, 45 шақырымына қара қиыршық тас төселген. ​​​​​​

Болатбек АЙТБАЕВ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облысы филиалының директоры:

— 22 шақырымына бір қабат асфальт-бетон төселді. Соның ішінде 20 шақырымы пайдалануға берілді. Құрманғазыдан бері 833 шақырымнан бастап 12,5 шақырым және Жанбай мен Аққыстау арасындағы 7,5 шақырым жол ашық. Енді Жанбаймен Аккыстаудын арасын таяуда 10 шақырымға жеткізіп, пайдалануға береміз. Осы айдың соңына дейін Жанбай мен Аққыстаудың арасындағы 20 шақырым жол толығымен ашылады. Сонда тамыз айының соңына дейін төменгі қабаты төселіп, барлығы 35 шақырым жолды ашу жоспарланған.

Болатбек Айтбаевтың мәліметінше, жол төсеу жұмыстарына қажетті материалдардың жетіспеушілігі бар. Мердігер мекемелер жеткізушілерге ақшасын төлегенімен, қажетті инертті материал жеткіліксіз екені анықталыпты. Сонымен қатар, битум жеткізу мәселесі де қиындық туғызып тұрған көрінеді.

«Техникалар мен жұмыс күші жеткілікті» дейді ол.

Облыс әкімі салаға жетекшілік ететін орынбасары Қайрат Нұртаевқа жол құрылысы жұмыстарындағы қиындықтарды салалық министрліктермен бірлесе шешуді тапсырды.

2022 08 16 imgl8837 3
img 20220816 wa0020 1660631366 2
rpa 3
img 20220816 wa0024 1660631676 3

Дереккөз: atpress.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button