Жайылым мен шабындық мәселесін қалай шешуге болады?

prara Жаңалықтар

Биылғы кездескен қиындық-кедергілерге қарамастан, жыл сай­ын қараша айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін кәсіби мереке – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнін облыс шаруагерлері де біркелкі табысты қарсылап отыр деуге негіз бар.

Нақтылай кетсек, биылғы жылдың тоғыз айында облы­ста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 62 млрд. теңгені, жоспардың орындалысы 101 пайызды құрады. Бұл жетістікте атакәсіп – мал шаруашылығының үлесі 33,8 млрд. теңгеге тұрақтаса, 27,9 млрд. теңгесін егіншілік саласы еншіледі. Саладағы жетістіктерде жыл басынан бері өндіріске енгізілген инновациялық жобалардың өзіндік үлес-еншісі барлығы анық. Осы және өзге де жағымды жаңалықтар, түйінін тарқатар тұстар төңірегіндегі әңгімені облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаев өрбітті.

 Табысқа жетелер жол

– Қ а й р а т Е с қ а б ы л ұ л ы , с ұ х б а т ы м ы з д ы а й м а қ т ы ң агроөнеркәсіп кешенінде жүзеге асы­рылып, нәтижелерін бере бастаған инновациялық жобалардан бастасақ?

–Орайы келгенде мұндай жобалардың бірнешеуін атап өтуге болар еді. Бұрын- соңды бізде болмаған тың бастама – Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы кооперативінің құс етін өндіру жобасы. Жобаның құны – 350 млн. теңге, жылдық қуаттылығы – 435 тонна. Инвестиция, яғни қаржыландыру көзі – кооперативтің жеке қаражаты есебінен және мемлекеттен берілген несие. Бұл жобаны жүзеге асырудың арқасында 45 жаңа жұмыс орны ашы­лып, жегілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Қазір жоба бойынша өндірістің екі кезеңі іске қосылып, жұмыс жасап тұр. Қалған екеуін де көп кешікпей пайдалануға беру көзделіп отыр.

Екіншісі – Махамбет ауданындағы «Темірлан Agro 7661» шаруа қожалығының 55 гектар алқапқа қарқынды бақ және 40 гектар жерге тамшылатып суару тәсілімен көкөніс-бақша дақылдарын өсіру жобасы. Биыл осы жобаның шеңберінде 40 гектар аумаққа көкөніс-бақша дақылдары егіліп, ойдағыдай өнім алынды. Көкөніс сақтау қоймасы, жұмысшы-қызметкерлерге арналған асхана мен жатақхана салынды. Инженерлік инфрақұрылым желілері тар­тылып, қажетті техникалармен қамтылды.

С о н д а й – а қ , Ат ы р ау қ а л а с ы аумағындағы «Жұмағалиева» жеке кәсіпкерлігінің 1 000 бас сиыр малы­на арналған бордақылау алаңы бар. Жобалық-сметалық құны 400 млн. теңге тұратын бұл нысан да межелі мерзімінде іске қосылып, бүгіндері бордақыланатын малды жинақтау жұмыстары жүріп жа­тыр. Махамбет ауданының аумағынан жеке кәсіпкердің өз қаражатына ау­даны 20 гектарды құрайтын жылы­жай салу жоспарланып, бұл жоба да қазір жүзеге асырылу үстінде. Назар аударалық жайт, болашақта құрылыс жұмыстары толықтай аяқталғанда мұнда көкөністі өсірумен бірге өңдеу жұмыстары жалғасын таппақ.

Оған қо с а, «Иманбаев» жеке к ә с і п к е р л і г і н і ң б а с т а м а с ы ­мен Еркінқала ауылдық округінің аумағынан көлемі 2 гектар жылыжай салу жобасы қолға алынды. Алғашқы кезегі алдағы жылы пайдалануға беріледі. Толықтай іске қосылған кез­де маусымына 200 тоннаға дейін өнім беру мүмкіндігі бар жобаның құны 250 млн.теңгеге бағаланып отыр.

Ал, «Тілекші» ЖШС «Тоғанда балық өсіру кешені» жобасын іске қосты. Жоба бойынша жылына 10 млн. дана «су маржаны» өсірілетін шаруашылықтың сметалық құны – 100 млн. теңге. Бұл нысан да игілікке беріліп, алғашқы балық шабақтары суға жіберілді. Сонымен бірге, «Мекен Чикен» жо­басын қайта қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Ал, «Атырау Чифтлик» өндірістік кооперативі өз қаражатына 100 басқа арналған сиыр бордақылау алаңын салып, іске қосты. Алаңның алып жатқан жер көлемі 272 гектарды, құны 170 млн. теңгені құрайды.

Жайылым жоқ, шабындық тапшы

– Салада қордаланған өзекті мәселелерге тоқталсаңыз. Оларды рет­ке келтірмейінше ауылдағы шаруаның да өрге баспайтыны даусыз ғой.

– Сауалыңыз орынды, шынымен де солай. Ең басты проблема – мал жайы­лымы мен шабындық алқаптың жайы бо­лып отыр. Биыл облыста Құрманғазы мен Қызылқоға аудандары ғана қысқа қажетті мал азығын өңірдің өз аумағынан дайын­дады. Қалғандары шөпті басқа жерден шауып немесе сатып алуға мәжбүр болды. Оған себеп, біріншіден жаз айларындағы құрғақшылық пен қуаңшылық десек, екіншіден шабындық алқаптардың тапшылығы. Оның үстіне, соңғы бірнеше жылдан бері облыстағы өзендер көктемде тасымай қалып жүр. Сондықтан, қыр түгілі көлтабанды алқаптардың өзіне су шықпай қалды.

Оған қоса, 2019 жылы ли­манды алқаптарға су жеткізу шығындарын өтеу мақсатында мемлекеттен берілетін субсидия тоқтатылған болатын. Онсыз да қиындық көріп отырған шаруагерлерге бұл да оңайға соқпады. Биыл бұл мәселе Парламент деңгейінде қаралып, субсидия қайтадан берілетін болды. Күні бүгінге 23 шаруашылық субъектісі бұл жеңілдікті пайдаланып, қалыптасқан жағдайды сауықтыруға мүмкіндік алды.

Жа л п ы , ж а й ы л ы м д ы қ ж ә н е шабындық учаскелерді сумен тұрақты қамтамасыз етудің бірден-бір оңтайлы жолы – облыстағы суару-суландыру жүйелерінің қалыпты жұмысын жолға қою. Бұған дейін де айтылып жүргеніндей, «Қазсушар» РМК-на қарасты облыстағы 15 каналдың 14-і жергілікті деңгейдегі коммуналдық меншікке берілгені белгілі.

 Осылайша, кейінгі кездері ондаған жыл­дар бойы жөндеу көрмеген каналдарды жөнге келтіру жұмыстары қолға алын­ды. Осылайша, 2018 жылы бір каналға, 2019 жылы екеуіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл да екі канал жөнделіп жатыр.

Игерілмесе, игілікке жарамайды

– Бос жатқан жерлердің игерілу жайына тоқталсаңыз.

– Облыста игерілмей бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер аумақтарын мемлекет меншігіне қайтарып, кәдеге жарату жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде, 2017- 2020 жылдар аралығында қайтарылған  жердің көлемі 256 мың гектардан асты. Ендігі мәселе, қайтарылып алынған жерлерді қайтадан айналысқа енгізу және осы үрдісті одан әрі жалғастыру. Өйткені, жайылымның жетпеуіне себепші болып отырған жайттың бірі де осы. Жоғарыда айтылып кеткендей, бұрынғы жылдары қолданылып кел­ген табиғи тұщы су көздері санала­тын құдықтарды қалпына келтіріп, жайылымдық жерлерге су шығару да шаруагерлер үшін өзекті мәселенің бірі болып есептеледі.

 Мамансыз жұмыс мандымайды

– Қай с а лада да жұмыстың ілгерілеп, өрге басуы, табысқа жетуі – мамандарға байланысты.

– Өкініштісі, ауыл шаруашылығын ө р к е н д е т е м і з д е п қ а н ш а т а л п ы н ғ а н ы м ы з бе н , о с ы с а л а ғ а қ а т ы с т ы м а м а н д ы қ т а р б о й ы н ­ша білім алып, еңбек етуге ниетті жастарымыздың әлі де аздау, саусақпен санарлықтай болып тұрғанын жа­сырмаймыз. Тіпті, ауылға барып мал бағуға құлық танытатындар да некен-саяқ. Шынтуайтына келген­де, егіншілікті айтпағанда, ежел­ден қазақ халқының атакәсібі болып есептелетін мал шаруашылығына бет бұрып, төрт түлігін өсіріп отырған бүгінгі малшы қауымының әлеуметтік жағдайы, тұрмыс-тіршілігі ешкімнен кем түспейді. Орталықтан шалғайда о т ы р ғ а н ш а р у а ш ы л ы қ т а р д ы ң д е н і « О т ау Т В » а р қ ы л ы т е л ед и­дар бағдарламаларын тамашалап, жерсеріктік интернеттің игілігін көруде. Сайып келгенде, шаруаның оңалуы тұрмыстың түзелуіне бай­ланысты болары сөзсіз. Тек ерінбей еңбек етіп, тер төгуге ынталы болса игі.

С о н ы м е н қ а т а р , ө н д і р і л г е н өнімнің қолжетімді бағада сатылып, тұтынушыға жеткізілуіне жәрмеңкелер жәрдемдескенімен, өңдеу өнеркәсібін жо л ғ а қ о юд а қ о л б а й л ау б о л а р қиындық-кедергілердің аз болмағаны да шындық.

Сөзімнің соңында аграрлық салада еңбек етіп жүрген барша әріптестерімді, ауыл шаруашылығы ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, отба­сыларына амандық, еңбектеріне тола- йым табыстар тілеймін!

  •  *Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттен бөлінетін суб­сидия көлемі 3 млрд. теңгеден асты
  • *4 бюджеттік субсидиялау бағдарламасын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 224 млн. теңге бағытталды
  • *«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 1,26 млрд. теңге сомасында шағын несие қаралды

 «Ауыл шаруашылығын дамытпай,

бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес».

(Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауынан).

  • *Егістік жер көлемі – 9 327 гектар. Бұл былтырғы көрсеткіштен 104,4 пайызға көп.
  • *Егілген дақылдардың үлес салмағы:

картоп – 22,4%,

көкөніс – 29,1%;

бақша – 12,8%,

мал азықтық екпелі шөп – 35,7%.

  • *Жиналған өнім – 173,5 мың тонна. Оның ішінде бақша мен мал азықтық дақылдардың үлес салмағы басым.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз