Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді…(+ФОТО)
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — құтқарушыларда әрқашан басты назарда!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылды балалар жылы деп жариялағанын, сондай – ақ «шомылу маусымын» өткізудің белсенді кезеңінің басталғанын ескере отырып, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарында бос уақыттарын өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, оның ішінде өскелең ұрпақты қорғау үшін үлкен жауапкершілік танытуға шақырады.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыстың су айдындарында 10 адам қаза тапты, оның ішінде 3 бала. «Шомылу маусымы» кезеңінде, яғни ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 3 адам суға кетті, оның ішінде 2 бала.
Статистика бойынша судағы жазатайым оқиғалардың 95 пайызы мас күйінде суға түсу, өз күштерін асыра бағалау салдарынан орын алады, балалар арасында — бұл тентектік және ата – аналардың немқұрайлылығы. Қалған жағдайлар денсаулықтың күрт нашарлауы және дене құрысулары.
Суда жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, ТЖ департаменті полиция қызметкерлерімен және Атырау қаласы мен аудандар әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп, су айдындарында шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін сақтаудың алдын алуға бағытталған күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Өңірде орналасқан Ұлттық ұланның күштері, 4 еріктілер ұйымы жұмысқа күнделікті тартылуда.
Үгіт-насихат жұмыстары барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын түсіндіреді, негізгі қорғау құралдарын, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін көрсетеді.
Қазіргі уақытта суда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша күнделікті рейдтік іс-шараларға 273-тен астам адам мен 44 бірлік техника жұмылдырылады.
Атырау қаласындағы, Жылыой және Құрманғазы аудандарындағы үш суда құтқару станцияларында орналасқан Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асырады.
Азаматтардың судағы қауіпсіздік талаптарын бұзуына жол бермеу, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Бүгінгі таңда заң бұзушыларға жалпы сомасы 741 мың 286 теңгеге 82 хаттама жазылды. (364-баптың 1-бөлігі бойынша 33 және 364-баптың 2-бөлігі бойынша 1 хаттама, сондай-ақ 440-бап бойынша 48 хаттама.
Анықтама үшін: 2021 жылы 551 хаттама (364-баптың 1-бөлігі бойынша 509 және 364-баптың 2-бөлігі бойынша 6 хаттама, сондай-ақ 440-бап бойынша 36 хаттама.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік техникасы мен мінез-құлық ережелерін сақтауға, ата-аналарды балаларға қатысты аса қырағы болуға шақырады.
Азаматтық қорғаныс басқармасы