Атырауда бұрын-соңды болмаған шара өз мәресіне жетті

Elzhandyilar a erekshe rmet Жаңалықтар

Батыс өңіріне ғана тән, көпшілік асыға күтетін көрісу мерекесін атыраулықтар биыл жаңаша атап өтті. Екі күнге созылған «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум аясында облыс орталығында бірқатар шаралар қолға алынып, қазақтың салтдәстүрі кеңінен ұлықталды.

Елжандыларға – ерекше құрмет

Форумның жабылу салтанаты «Атырау» спорт кешенінде қорытындыланды. Жиынға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бұрын-соңды болмаған мұндай шараға атсалысқан ұжымдарға алғыс білдіріп, шынайы лебізін жеткізді.

Салтанатты шара барысында әр аталым бойынша үздік деп танылған байқау жеңімпаздары марапатталды. «Тұғырлы тұлға» арнайы марапаты Түрксойдың бас хатшысы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, қоғам қайраткері Дүйсен Қасейіновке табыс етілді.

елжан

Ал, елінің ризалығына бөленіп, ақ батасын алып жүргендерге «Аманат» ұлттық қоғамдық сыйлығы берілді. Бұл марапат қоғам қайраткері Қайрат Ищановқа, ақын Қойшығұл Жылқышиевке, «Өнерпаз» ЖШС директоры  Әлия Бекқожиеваға және  облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Айсұлу Омароваға табысталды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз