БІЗ ЕЛБАСЫН МАҚТАНЫШ ЕТЕМІЗ

Біз – бақытты ұрпақпыз. Олай деуге толық негіз бар. Еліміз тәуелсіздік алғалы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының нұрлы болашақ үшін жасаған жұмыстары арқасында біз ешқандай қиындық көрмей өсіп келеміз.

Елбасының «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» – деген сөздері әр саналы ұрпақтың басты ұстанымына айналды.

Төрткүл дүние мойындаған, мұраты биік мемлекетте ғұмыр кешу – біздер үшін зор бақыт. Осындай  дамудың  даңғыл жолында толағай табыстарға жетудің бірден-бір сыры неде? Менің ойымша, мұның түпкі мәні соңғы жиырма  төрт  жылда Қазақ елінің көк туын биікте желбіреткен тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатында жатыр.

 

Мұрагер АЮПОВ, «Атырау студенттері» альянсының жетекшісі.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз