ӘНГЕ АЙНАЛДЫ ХАЛЫҚТЫҢ МАХАББАТЫ…

astanakynЖергілікті авторлар Роальд Топчевскийдің сазы мен Мәрзия Аяғанованың сөзіне жазылған «Астана, сен – менің Астанам» әнінің өзі елордаға деген халық сүйіспеншілігін білдіреді. Ал, дарынды сазгер Қосай Мұқашев пен ақын Жамиға Диарқызының «Астана» әнін өзіміздің «Дарын» балалар хоры орындап жүр. Нұрсұлтан Назарбаев осының бәрі де халықтың өзі салған Астанаға деген бүкілхалықтық махаббаттың көрінісі деп жазады.

Өзім тарихшы болған соң, Қазақстанда жаңа тарих оқулықтары жазылатыны туралы айтылып жатқан әңгімелерден айналып кете алмаспын. Елбасы өз мақаласында айқын көрсеткеніндей, Астананы құру тарихының да қырлары көп, айтары мол. Осы жерде Нұрсұлтан Назарбаев келешекте біздің барлық мектептерімізде Қазақстан тарихы бойынша Астана тарихы атты жеке арнаулы курс өткізілетініне сенім білдірді. Ендеше, Ұлт көшбасшысының сенімін ақтап шықсақ, бәріміздің де міндетіміз сол деп білемін. 

Әділет ЖҰМАБЕКОВ,
Ж.Доcмұхамбетов
атындағы облыстық лицейдің мұғалімі,
Атырау қаласы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз