Қазақстанда авто иелері енді жүргізуші куәлігінсіз, тех паспортсыз жүре алады

1 17 Жаңалықтар

Президент қол қойғаннан кейін, көлік жүргізушілеріне куәлік  және техникалық паспортсыз жүргені үшін айыппұл салынбайды деп хабарлайды Atr. kz

Елімізде ҚР Парламенті Сенаты депутаттары жол қозғалысына байланысты заң қабылдады. Заң  нормаларына сәйкес, полицейлер енді жүргізуші құжаттарын қызметтік база арқылы тексере алады.

«Енді, автомобиль руліне отырған кезде, өзіңізбен бірге жүргізуші куәлігін және техникалық паспортты тасып жүру міндетті болмайды. Бұл елімізде жүргізіліп жатқан цифрландырудың нәтижесі» деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Атап өту керек, заңның бұл нормасы тек Қазақстан азаматтарына ғана қатысты. Шетелдік нөмірлі машина иелері немесе жүргізуші куәлігін шет елде алған азаматтар өздерімен бірге құжаттарын алып жүруге міндетті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз