МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдығына орай, қоғамдағы бірлік пен тұтастықты нығайтуға үлес қосып жүрген өңірдің бір топ азаматтары Елбасы Жарлығымен мерекелік медальдармен марапатталды.

 «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Төлеген Берішбай, облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Кеңес Қосыбаев, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев, аталған партия ардагері Жәукен Көшенов және «Атырау-Ақпарат» жанындағы Атырау коммуникациялар қызметі бөлімінің жетекшісі Ринат Құлмағамбетовке халық бірлігін нығайтуда қосқан үлесі үшін берілген Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік медальдарын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева салтанатты жағдайда табыс етті.

Марапатталғандардың атынан алғыс сезімін білдірген партия ардагері Жәукен Көшенов Ассамблея институтының құрылуы – Елбасы саясатының жемісі екенін айтты. «Елбасы халық бірлігін нығайту саясатын қашан да бірінші кезекке қойып келеді. Елдің ынтымағы, татулығы қай кезде де қымбат. Бірлік, сыйластық, тұтастық болған жерде ғана байлығымыз артып, мемлекетіміз дами береді» деп атап айтты ол.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз