Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Түйенің еті – тұнған дәру

Осы түйе десе, «еті құрғақ, өркеші май» деп жұрт маңына жоламайды. Одан тек шұбат қана шығады деп ойлайды.

Расымен де, Қазақстанда түйе етіне деген көзқарас онша емес. Сондықтан да, ол арзанға бағаланады. Сәйкесінше, ауыл кәсіпкерлерінің де түйе шаруашылығын дамытуға құлшынысы төмен. Әйтсе де, мамандардың айтуынша, бұл шаруашылықты қолға алар болса, отандық нарықта болашағы зор. Ең алдымен, одан алынатын табиғи таза өнім денсаулыққа өте пайдалы. Әсіресе, ет құрамында холестерин секілді зиянды заттар тіпті құс етінен де аз. Екіншіден, қазіргі адамның қан құрамында темір жетіспейді. Ал, ол түйенің етінде көп кездеседі.

677478

Шүкір, Атырауда шұбат өндірісі біртіндеп қолға алынып жатыр. Мәселен, Махамбет ауданындағы «Бірінші мамыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сөзімізге дәлел. Бұл тек бастамасы ғана. Енді түйеден алынатын басқа да өнімдерге жол ашу қажет. Кейін оны Таяу Шығыс пен мұсылман елдерінің сауда нарығына шығаруға болады. Оның үстіне, бүгінде шұбат өндірісіне мемлекеттен бір литріне 55 теңгеден  субсидия бөлінбек. Бұл туралы жуырда Атырауға ат басын тіреген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гаухар Қонысбаева хабарлаған болатын.

Қазір ауыл шаруалары кооперативтерге бірігіп жатыр. Тек жергілікті атқарушы билік қолдау шараларын үзбесе болғаны. Бұл ретте ірі шаруа қожалықтары үшін қолдау зор, мүмкіндік мол. Бірақ, осы орайда өз күштеріне ғана сеніп отырған орта және шағын шаруашылықтарды да ұмытпаған жөн. Біздер, ауыл тұрғындары, аталмыш түлікке деген халықтың да, биліктің де көзқарасы өзгереді  деп  сенеміз.

Асылай  ДОСЫМОВА.

Индер  ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button